Когамдык кенес 2011

aleksei-niАлексей Ни – ауыр атлетика бойынша ҚР құрамасының бас бапкері

«Алтын жүрек» - өте маңызды жоба. Мен барлық жұмыстарымды ысырып, осында қоғамдық кеңестің мүшесі болуға келдім,  өйткені қайырымдылық шараларын қолдау керек деген сенімдемін. Бұл шараға мен екінші рет қатысып отырмын және қатысқаныма қуаныштымын.  Сондай-ақ, «Алтын Жүректің» ұйымдастырушылары үлкен іспен айналысып отырғанын ерекше атап өткім келеді».

 

 

asili-osmanАсылы Осман – Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі, «Мемлекеттік тілге құрмет» бірлестігінің төрайымы, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Алматы басқармасының мүшесі

«Әр нәрсенің атауынан оның мәні мен маңызы қаншалықты құнды екені көрініп тұрады. Жүрек дегеннің өзі адамның ең маңызды мүшесі болып табылады. Ал сіздердің сол жүректі алтынға балап, асқақтатып, осындай сыйлық ұйымдастырып отырғандарыңыз - құндылығы бөлек, тәлімдік те, тәрбиелік те, ынталандырушылық та мән-маңызы өте зор шаруа. Бүгін біздердің басымызды қосып, отырыс ашып, таңдау жасатқандарыңыз маған үлкен жауапкершілік жүктеді. Мен өз басым бұл іске асқан сақтықпен қарадым. Мәселе ақшада емес, ең алдымен - адамның өзінің шын мәніндегі адал жанымен, тазалығымен, пәктігімен халыққа жасаған құрметі, қамқорлығы. Қазақ айтқан: «Көңіл етте емес, ниетте, табақта емес, қабақта». Үміткерлердің арасында осындай қазақтың даласындай дарқандығына, кеңдігіне сай жандарға дауыс бердім. Қазақтың тағы бір даналығы: «Бәйгеге атынды қос: озсаң да олжалысың, озбасаң да олжалысың», сайысқа қатысқандар осыны ұмытпауы керек. Асқар Алатаудай биік, мәнді де маңызды осы жұмыстарыңыз -  еліміздің дамуына қосқан елеулі үлестеріңіз, осыдан аласармаңыздар».

daniyar-ashimbaevДанияр Әшімбаев - "Кто есть кто в Казахстане" энциклопедиясының бас редакторы

«Мен қоғамдық кеңеске бірінші рет мүше болып отырмын. Мен үшін номинанттарды таңдау барысында негізгі критерий қаржы көлемі болған жоқ. Меніңше, адамның біреуге ақшалай емес, рухани қолдау көрсетіп, қарапайым көмек жасағаны маңыздырақ. Қарапайым істердің маңыздылығы мен құндылығы жоғары деп ойлаймын. Ал «Алтын Жүрек» - бұл адамдардың барлық мейірімді істерінің бағалануы».

 

nuktaeva-dinarНукетаева Динар - Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университетінің ректоры

«Алтын Жүрек» жобасы аз уақыт ішінде  қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуде зор үлес қосты. Бұл жобаның ұйымдастырып,  атқарған  іс-шаралары жайында әбден ауыз толтырып айтуға болады. Жоба ұйымдастырушыларына осындай қарқынмен әлі де ел ризашылығына бөленіп, адал қызметтерін жалғастыра берулерін тілеймін. Елімізде қайырымдылық істері жалғасын тауып отырса, бұл Елбасымыздың салихалы  саясатының бір жетістігі деп білемін».

 

jania-aubakirovaЖәния Әубәкірова - ҚР Халық әртисі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры

«Қайырымдылық - қоғамдағы адамға деген сүйіспеншілік, жанашырлық пен өзара қолдау, әлеуметтік жауапкершілік идеяларын жүргізеді. Денсаулықтары нашар жандарға, қоғамның әлеуметтік әлсіз мүшелеріне, дарынды өнер иелеріне ұсынылып жатқан қайтарусыз көмек саны күннен  күнге артуда. Бұндай игі істерді жарнамалаусыз атқарып жатқан азаматтар мен азаматшалар қаншама. «Алтын Жүрек» сыйлығы -  қоғамда қайырымдылық істерді атқарып, жанашырлық танытып жүрген, адамзатқа деген сүйіспеншілігі мол жандарды мойындау және оларға айтылған алғыс болып табылады».

sergei-lazarevСергей Лазарев – Алматы қаласындағы ЮНЕСКО бюросының директоры

«Менің пікірімше, «Алтын Жүрек» өте пайдалы сыйлық, өйткені ол Қазақстандағы меценаттықтың дамуына септігін тигізеді. Елімізде қайырымдылық дәстүрлері енді қалыптаса бастады және «Алтын Жүрек» - осы бағыттағы алғашқы үлкен қадам. Аталмыш сыйлықтың бір реттік шара емес, басқаларға пайдасы тиіп отырған саналы қызмет екені қуантады. Қоғамдық кеңес мүшелерінің арасында болғаныма мен қуаныштымын».

 

 

leila-ahinzhanovaЛәйлә Ақынжанова -  Кинодраматург

«Алтын Жүрек» - мен соңғы кездері танысқан ең қуантарлық жобалардың бірі, өйткені бұл жерде үздіктердің ішінен үздіктерді таңдау мақсаты тұр. Қазақстандағы қайырымдылық туралы айтқанда жан-тәнінмен риза боласын. Қайырымдылық жасау арқылы адам өз жанының бір ауруынан арылғандай болады. Номинанттарды таңдау барысында мені жеке оқиғалар, хирургтар құтқарған балалардың нақты аты-жөндері сияқты деректер баурап отырды.   Менің еркімде болса барлығына бір-бір «Алтын жүректен» беретін едім».

 

nagima-plohihНағима Плохих – «Здоровая Азия» қорының директоры

«Мен үнемі: «Адамдарды әрдайым қолдап, марапаттап жүру керек»,- деп айтып жүремін. Әр адам өзінің қоғам үшін жасаған кішкентай болсын істерінде рухани деңгейде қанағаттанғысы келеді. Осындай істер көптеп ескеріліп, марапатталып жатса, игі істермен айналысатын адамдар саны да өсетін болады. Маған қатысушылардың түйіндемелері ерекше әсер етті. Шынымды айтсам, маған байланысты болса, мен барлығын да сыйлықпен марапаттайтын едім».

 

banner-01