Сарапшы кенес 2011
|
«Сыйлыққа шынымен де лайықты адамдар қатысуда. Адам қандайда болмасын қайырымдылық шарасын жасағанда өзінің жеке ынта-жігеріне сүйенеді. Ал бұл ынта-жігер ескеріліп, марапатталып жатса – бұл өте жақсы әрекет. Қазақстанда мұндай басқа сыйлықтар жоқ, сондықтан «Алтын Жүрек» ешкімде де дау туғызбайды деп үміттенемін. Сыйлық бірінші кезекте шынайы болуы керек, сонда ғана ол құрметке ие болады. Осыдан болар, «Алтын Жүректің» мәртебесі жылдан жылға өсіп келеді. Мейірімділік пен қайырымдылықты сезінген, көрген адамдар өздерін қоғамнан шеткері сезінбейді. Бұл қуантарлық жайт».
«Мен үшін өтіп жатқан шара – жаңалық. Негізі Қазақстанда қайырымдылық енді дами бастады. Ең қуантарлығы – сыйлыққа корпорациялар да, жеке тұлғалар да қатысуда, олар бұл бағытта белсенді жұмыс жасап жатқаны көрініп тұр. Менің ойымша, қоғамға «Алтын Жүрек» сияқты сыйлықтар қажет. Мен мұндай шараларды толықтай қолдаймын».
«Сыйлықтың бесінші рет қатарынан өтіп жатқаны көп нәрсені білдірсе керек. Біз бір реттік акциялармен шектелген ұйымдарды емес, шынымен жылдан жылға үздіктерді сүйемелдеп, марапаттап жүрген қоғамдық қорларды әрдайым қолдаймыз. Мен сарапшылар кеңесіне алғаш рет қатысып отырмын және бұл мен үшін үлкен құрмет те, жауапкершілік те, өйткені үлкен көлемдегі құжаттармен танысып, ең үздігін таңдау - өте қиын».
«Мен үшін сарапшылар кеңесіне мүше болу күтпеген жайт болды. Дегенмен, құрметті адамдар жиналған бұл жиынға қатысқаныма қуаныштымын. Кімнің не істегенін оқу қызықты болды, бірақ барлық үміткерлердің ішінен біреуін таңдау қиынға соқты. «Алтын Жүрек» сыйлығы халық арасында кеңінен танымал, теледидар арқылы жыл сайын көріп отырамын. Менің ойымша, өзгеге көмек көрсетуге күш-жігерін де, уақытын да аямайтын адамдарды қоғам білу керек, сондықтан сыйлықтың қажет екені сөзсіз».
«Жұлдыз Омарбекова ұйымдастырып отырған «Алтын Жүрек» сыйлығы жақынына жәрдемдесуге дайын адамдарды ынталандыру бағытындағы маңызды қадам. Маған журналист ретінде «Біз көмектесуге дайынбыз, бірақ кімге екенін білмейміз» деп жиі хабарласып отырады. Негізінен бұл мәселе емес. Жан-жағыңызға қарап, көмегіңіз кімге қажет екенін білуге болады. Біреуге көмектесу үшін жүрегіңіз қаласа болғаны. Ал «Алтын Жүрек» сыйлығы осындай адамдарды іздейді, өйткені олар қоғам үшін көптеген игі істер жасайды, біреудің өмірін өзгертеді».
«Бүгінгі отырысқа қатысушылардың арасында болу мен үшін үлкен құрмет. «Алтын Жүрек» туралы айтатын болсам, бұл сыйлық қоғамға өте қажет, өйткені ол еліміздегі қайырымдылық саласының дамуына септігін тигізеді. 5 жыл бойы атқарып жүрген орасан еңбегі үшін ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін. Туған күндерің құтты болсын!».
«Алтын Жүрек» сыйлығы қоғам үшін өте қажет деп ойлаймын. Бұл басқалар үшін жақсы үлгі көрсетіп, адамдарды игі істермен айналысуға ынталандырады. Мен үшін таңдау жасау оңай болған жоқ, өйткені сыйлықтан үміткерлер бұған шынымен де лайықты».
«Біріншіден, бүгінгі жиналысқа қатысқаныма қуаныштымын. Жиналған адамдармен танысқаныма ризамын, олардың арасында мен танымайтын адамдар да болды. Екіншіден, ұйымдастырушылардың өз ісіне жинақы әрі жауапкершілікпен қарауы да тәнті етті. Өтініштер санына қарағанда, қайырымдылық көрсетушілер елімізде аз емес. Бұл да қуантарлық жайт». |
Гульмира Илеуова – "СТРАТЕГИЯ" Әлеуметтік және саяси зерттеулер Орталығы» Қоғамдық қорының жетекшісі, әлеуметтік ғылымдар кандидаты
Дос Көшім – республикалық «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы, саясаттанушы
Владлена Ермолович – Алматы қаласы Балалар құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары
Иван Ли – Алматы қаласы Мәслихатының депутаты, №7 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері
Марианна Гурина – «КТК» телеарнасындағы әлеуметтік жобаларының авторы әрі продюсері, «Ұлағатты жанұя» қоғамдық қорының президенті
Наталья Янцен – «Салық мәдениетін қалыптастыру» Қоғамдық бірлестігінің президенті, "Yantsen Company" ЖШС директоры
Рахман Алшанов – экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик, «Тұран» университетінің ректоры, ҚР жоғарғы оқу орындары Ассоциациясының президенті
Хельча Исмаилова – «Время» газетінің журналисті






















