Сарапшы кеңес 2010
|
There are no translations available.
|
Әли Аманбаев (Алматы қалалық мүгедектер қоғамының директоры):
Бұл жоба құрылғаннан бері мен сарапшылар кеңесінің мүшесі болып келемін және ол үздік жоба деп санаймын. Әрине, кез келген жұмыс алға басу үшін уақыт өткен сайын өзгертулер қажет. «Бауыржан» ҚҚ басшысы мен «Алтын Жүрек» Ұлттық Қоғамдық сыйлығына бұл істі ойдағыдай жүзеге асырып жатқандарын айта кеткен жөн. Жұлдыздың жаңа тәсілдер қолданып, тіріктеудің жаңа шарттарын құрып, сыйлыққа үміткерлерді бағалау механизмін өзгертіп тұруы қуантады.
|
 |
Салтанат Байқошқарова (Адам ұрпағын өрбіту институтының директоры):
Бұл жоба менің көңілімнен шықты. Бірнеше жылдардан бері аталмыш жобаны көгілдір экран арқылы тамашалап келемін. Оның көмегімен халықтың көмекке зәру топтарына қолдау көрсеткен адамдар анықталып жатады. Сарапшылық кеңестің мүшесі бола отырып, «Алтын Жүрек» сыйлығына лайық меценанттардың санына, жеке тұлғалар мен ұйымдардың қайырымдылық істерінің ауқымдылығына қуана таң қалдым. Табысты бизнестегі адамдардың жанашырлық сезімдеріне риза болдым. «Алтын Жүрек» сыйлығын мен танысқан барлық 120 қатысушыға бергім келеді, алайда өкінішке орай олардың әр наминация бойынша тек 10-ы ғана жеңімпаз бола алады.
|
 |
Нұрлан Ерімбетов («Айтпарк» пікір-сайыс клубының жетекшісі):
Бүгінгі таңда қайырымдылық түсінігін әркім әрқалай түсінеді. Менің ойымша қаражатты белгілі бір, бір күндік мерекелік кештерге, шетел жұлдыздарын шақыруға жұмсау, көлік секілді бағалы сыйлықтар тарату, қайырымдылық болып табылмайды. Жетім балаларға, мүгедек жандарға, ардагерлерге, ауыр науқасты адамдарға, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету – нағыз шынайы жомарттық. «Алтын Жүрек» арқылы қоғамға нағыз қайырымдылықтағы «қаһармандарымызды» паш еткізгіміз келеді.
|
 |
Диляра Қайдарова («Бәріміз ракқа қарсы» қайырымдылық қорының директоры):
Филантроптар өмірін жақсартуға үлесін қосып, онсыз да қиын күндерін жайдары ете білген жандардың жүзінен күлкі мен ризашылық сөздерін есту әрдайым сүйсіндіреді. Алтын жүректі жандарды тек біздің балаларымызға ғана емес, болашақ ұрпақтарымызға да үлгі етіп қоюымыз керек. Мен Жұлдыз Омарбекованың қызметіне, оның алдына нақты мақсат қойып, еліміздегі қайырымдылықтың дамуына үлес қосып жүргендігіне тәнтімін. Тек жаны жайдарлы, жүрегі пәк адамға ғана дәл осындай таңғажайып сыйлықты құру жайында ой келе алады. Мен Жұлдыз бен оның ұжымына шын жүректен алғыс айтып, еңбектері жана берсін дегім келеді. Әрине, жыл сайынғы ұлттық сыйлық гүлдене берсін дейміз. Осы жылдар көлемінде «Алтын Жүрек» өзінің Қазақстан үшін, оның әлеуметтік дамуында үлкен рөлге ие екендігін дәлелдей білді.
|
 |
Кристофер Кавано («Бота» қоғамдық қорының атқарушы директоры):
Маған Сарапшылық кеңестің мүшесі болу қатты ұнады. Көптеген «Алтын Журек» сыйлығына үміткерлердің түйіндемелерімен танысып өттім. Қиын таңдауға тап болдым. Жалпы үміткерлер ішінен тек «Алтын Жүрек» сыйлығына лайықты отыз адамды таңдау қажет болды. Бұл саладағы тәжірибеге ие адам ретінде бұл жобаның еліміздегі қайырымдылықтың дамуына оң әсерін тигізетіні сөзсіз.
|
 |
Роза Серкебаева (№5 есту қабілеті нашар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттың директоры):
«Алтын Жүрек» сыйлығының Сарапшылық кеңесінің мүшесі болуға шақырған кезде қатты қуандым. Барлық құжаттармен танысып, мен қиын жағдайға душар болған, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға, мүгедектерге, қарттарға және жетім балаларға қамқорлық көрсеткен азаматтарды ерекшелеп өттім. Қызылағаш ауылында болған жағдайға немқұрайлы қарамаған меценнаттарға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Бұл жерде барлығы ашық және демократиялы екенін атап өткім келеді. Бұл ақпарат кеңесшілердің шынайлылығы мен обьективтілігіне сенімсіздікпен қарайтындарғы күмән тудырмас үшін айтылған. Біз «Алтын жүректілерді» әділ таңдадық.
|
 |
Дарико Хасанғалиева (Алматы қаласы Қызыл Крест және Қызыл Ай қоғамының төрайымы):
«Алтын Жүрек» жобасына алғаш қатысып отырмын. Елімізде осындай адамдарды жақсы істерге ынталандыратын сыйлықтың бар болғаны қуантарлық жайт. Сарапшылар кеңесінің мүшесі болып, қатаң бағалауға тырыстым, себебі қайырымдылық істер жайлы естіп қана қоймай, өзім де қайырымдылықпен 20 жылдан бері айналысып келем. Шынымды айтсам қатысушылардың құжаттарымен және қайырымдылық істерімен таныса отырып, озаттарды анықтағандай болдым. Менің бір дауысым көп нәрсе шешпегендіктен, шын жүректен оларға сәттілік тілеймін!
|
 |
Есентай Тәжиев (Алматы қалалық маслихатының депутаты, Алматы қаласындағы орталық қалалық клиникалық емханасының бас дәрігері):
Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, қоғамның барлық салаларында қайырымдылықты насихаттап жүрген жанашыр азаматтарды іздеп, оларды марапаттауды - қайырымды іс деп ойлаймын. «Алтын Жүрек» - бұл адамдарды қайырымдылық жасауға шақыратын республикалық ауқымдағы тұңғыш және жалғыз жоба болып табылады. Оны жан жақты қолдап, ары қарай дамуына қолдау көрсету қажет.
|
|
|