Номинациялар

Жеңімпаздар келесі номинациялар бойынша анықталады:

 

1. «Жетім балаларға көрсеткен қамқорлығы үшін» номинациясы – жетім балаларға, балалар үйі мен интернаттарға риясыз көмек көрсеткені үшін.

 

2. «Білімді дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы – мемлекеттік және жеке білім беру мекемелерін қаржыландыруға қол ұшын созғаны үшін және грант есебінде қаржы бөлгені үшін, жаңа білім беру мекемелерінің құрылысына ат салысқаны үшін, Қазақстан авторларының ғылыми еңбектерін және кітап шығару ісін қолдағаны үшін беріледі.

 

3. «Мүгедек жандарға көрсеткен қамқорлығы үшін» номинациясы – мүгедектер мен мүгедектер ұйымдарына, мүгедектерді оңалту бойынша жасалған жобаларға әлеуметтік, медициналық және қаржылай көмек көрсеткені үшін.

 

4. «Спортты дамытып, оны қолдағаны үшін» номинациясы – спорттық мекемелерді кез келген деңгейдегі және бағыттағы (локалдыдан республикалыққа дейін) ұйымдарды материалдық және қаржылай қолдағаны үшін. Қазақстан спортшыларын халықаралық жарыстарда қолдап, спорт шараларын ұйымдастыруға, өткізуге көмек көрсеткені үшін.

 

5. «Ардагерлерге көрсеткен құрметі үшін» номинациясы – зейнеткерлер, еңбек ардагерлері, ҰОС ардагерлері, Ауған соғысының арадагерлері, өзге аймақтардағы әскери қимылдардың қатысушыларының өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған жобаларды іске асырғаны үшін, сондай-ақ арадагер-

лер құқығын қорғау және оларға мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрін төлеуге қолдау көрсету мақсатында қоғамдық қорлар құру.

 

6. «Жыл меценаты» номинациясы – мәдениетті қолдағаны және өнер шеберлерін (ақындар, жазушылар, суретшілер) жебеп жүргені үшін; қоғамдық өмірді жақсартуға, қайта құруға бағытталған аса ірі мәдени-маңызды жобаларды іске асырғаны үшін.

 

7. «Ақпараттық қолдаушы» номинациясы - БАҚ-та қайырымдылық тақырыбын, әлеуметтік мәселелерді көтергені үшін; қоғамның көмек қажет етуші топтарының әлеуметтік мәселелеріне баршаның назарын аудартатындай материалдарды жария еткені үшін.

 

8. «Жылдың қайырымды адамы» номинациясы – түрлі бағыттағы үлкен көлемдегі қайырымдылық қызметі үшін (тек жеке тұлғалар үшін) .

 

9. «Жыл ұйымы» номинациясы – ұйым немесе компанияның аса ірі қайырымдылық жобалары мен акцияларды қолдағаны үшін, қайырымдылық көмектің жаңа тиімді формаларын енгізіп, қоғамдық-маңызды

шараларға бас демеуші болғаны үшін( тек заңды тұлалар үшін).

 

10. «Θнер мен қайырымдылық» номинациясы – қайырымдылық концерттеріне риясыз қатысқаны үшін, әлеуметтік-маңызды акциялар мен жобаларды белсенді қолдағаны үшін беріледі.

 

11. «Қазақстанның өркендеуіне қосқан үлесі үшін» номинациясы – Қазақстан аумағында материалдық және қаржылай көмек көрсеткен шетелдік азаматтар үшін (тек жеке тұлғаларға арналған).


 

banner-01