Алтын Журек

«Алтын Жүрек»

 

Біз алтын жүректі жандарды іздейміз және марапаттаймыз!


2007 жылы Қазақстан Республикасында бұрын соңды болмаған жобаның - Тұңғыш Жылсайынғы Ұлттық Қоғамдық «Алтын Жүрек» сыйлығының тұсауы кесілді.

Сыйлықтың мақсаты – ұйымдар мен жеке тұлғаларға қоғам дамуына игілікті ықпал ететін қайырымдылық саласын дамытқаны, әлеуметтік маңызы бар істерді жүзеге асырғаны үшін қоғам атынан алғыс айту.

Ұйымдастырушысы - «Бауыржан» қайырымдылық қоры. Қазақстан Республикасының Президент әкімшілігі, «Тassay» сауда маркасы, «31-арна» медиа-холдингі және KCell компаниясы қолдау көрсетті.

Мүмкіндігі шектеулі, ауру жандарға, жетімдерге, көмекке мұқтаж жандарға көмек қолын созу жолында өз күші мен қаржысын, тіпті өмірін аямайтын тұлғаларды марапаттау әрі алғыс айту сыйлықтың міндеті. «Алтын Жүрек» сыйлығы Қазақстандағы қайырымдылықпен айналысатын жандарды біріктіреді, бір арнаға тоғыстырады деп ойлаймыз.

«Алтын Жүрек» сыйлығының міндеті:

  • Қазақстандағы қайырымдылық саласын дамыту;
  • Өзара жәрдемдесу мен меценаттық дәстүрдің жаңғыруына ықпал ету;
  • Көпұлтты Қазақстанның рухани әрі мәдени құндылығының дамуына қоғам назарын аудару;
  • Қоғам санасында қазіргі қазақстандық меценат пен қайырымды жандарының идаелын қалыптастыру;
  • Меценаттар мен қайырымды жандарға әлеуметтік маңызы бар мәртебе түрінде имиджін қалыптастыру;
  • Бюджет қаржысы аздық ететін мемлекеттің, қоғамның әлеуметтік және мәдени бағдарламаларына меценаттар мен қолдаушылардың назарын аудару, аталмыш бағытта инвестицияны ынталандыру;

Орасан зор маңызы бар бұл шараға анкетаны толтырған кез келген жеке тұлға немесе мекеме қатыса алады. Алғашқы жылы-ақ өтініштердің саны 100-ден асып жығылды. Бұл әрине ұйымдастырушыларды қуантқаны рас және жылдан жылға арта береді деген сенімге жетелейді.

Қатысушылардың анкетасы үш сатылы іріктеуден өтеді:

1. Ұйымдастырушы кеңес – қатысушылар тарапынан өткізілген өтініштерді қабылдап, тексереді. Анкетаның дұрыс толтырылғандығына және жалпы шараның өткізілуіне жауап береді.

2. Сарапшы кеңес – өтініштерді қайырымдылық саласындағы сарапшылар қарастырады. Олардың ішінде мүгедектерге арналған, сауықтыру орталықтарының, балалар үйінің, қайырымдылық және қоғамдық ұйымдардың, сонымен қатар халықаралық ұйымдардық жетекшілері бар. Сарапшы кеңестің міндеті - әр номинация бойынша үш үміткерді сұрыптау алу.

3. Қоғамдық кеңес белгілі саясат және қоғам қайраткерлері, ақындар мен жазушылар, әртістер мен профессорлардан тұрады. Бұл қоғамға танымал әрі халық құрметіне бөленген адамдар, яғни жеңімпаздарды таңдауға сенім білдіруге болатын жандар.

«Алтын Жүрек» сыйлығы Қазақстандағы қайырымдылық үдерісін дамытып, өзге адамдар мен ұйымдарға ой салып, үлгі болады деген үміттеміз.

Біздің елімізде қайырымдылық жасау қалыпты әрі кеңінен өріс алған іс болады деп сенгіміз келеді. Өйткені ол әркімнің қолынан келеді! Ықылас пен ынта болса болғаны. Өйткені қайырымдылық дегеніміз – жанның қалауы, ол әртүрлі болуы мүмкін, бірақ қалай да болуы тиіс. Дәйім болуы тиіс!

 

banner-01