|
Коммерциялық ұйымдар мен жеке тұлғалардың Қазақстан аумағындағы қайырымдылық бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруға қосқан үлестері үшін тағайындалған V жыл сайынғы Қоғамдық Ұлттық «Алтын Жүрек» сыйлығының ережесі Жер бетінде адам өмірінен асқан құндылық жоқ. Дүниеде көмекке мұқтаж адамдардың өмірлерін сақтауға және олардың өркендеуіне өз уакыты мен білімін, бар мүмкіншілігін толықтай арнау, адамзат баласының амандығы үшін қызмет ету, тіпті, сол жолда өз өмірін тәуекелге арту – ізгілік атаулының биік шыңы. Қай заманда да өз тағдырын өзгелердің бақыты үшін құрбан ету қайырымдылықтың ең үздік үлгісі болып есептелген. Жасаған жақсылығың үшін ешбір ақы сұрамай, халықтың алғысына бөлену, жан аямай еңбек ету өзгелер тарапынан зор құрмет туғызатыны ақиқат. Қазақстандағы қайырымдылық һәм меценаттық дәстүрлерді қолдай, әрі дамыта отырып, «Бауыржан» қайырымдылық қоры жыл сайынғы Қоғамдық Ұлттық «Алтын Жүрек» сыйлығын тағайындады. Ол жеке тұлғалар, ұйымдар, мекемелердің қоғам дамуына баға жетпес әсерін тигізетін, әлеуметтік маңызы зор іс-шараларын, қайырымдылық майданындағы ізгі ниетті еңбектерін бағалауды көздейді. Бұл сыйлықтың негізгі мақсаты – дәл қазіргі уақытта, терроризм мен аймақтық қақтығыстар, зорлық-зомбылықты насихаттау ғасырында, дәстүрлі құндылықтар мен гуманитарлық идеалдардың құнсыздануы заманында барша адамзат баласына қызмет етуді өз өмірінің мұратына айналдырған жандарды табу және олардың еңбектеріне әділ баға беру. Біз бәріміз бір ғаламшарда тұрамыз һәм біздің тағдырымыз да ортақ. Біз өз күшімізді біріктіріп, қорқыту, үркіту, күш көрсету саясатынан бейбіт өмір мен өзара түсіністік ымырасына қол жеткізуге тиіспіз. «Алтын жүрек» сыйлығы Қазақстандағы барлық қайырымды азаматтардың бірігуіне жол ашады деген үміттеміз. 1. ұйымдастырушылар
3. Сыйлықтың мақсаты мен міндеттері Мақсаты: Қайырымдылық пен меценаттық идеясын тарату. Міндеттері:
4. Қатысушылар Байқауға Қазақстан аумағында қайырымдылық және әлеуметтік іс-әрекетті жүзеге асыратын кез-келген коммерциялық ұйым немесе жеке тұлға қатыса алады. Жүлдеге үміткерді жеке тұлғамен қатар қоғамдық бірлестіктер, заңды тұлғалар, бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ мемлекеттік институттар ұсыну мүмкіндігіне ие. Байқауға қатысуға негіздеме ретінде қоғамдық бірлестіктер, барлық деңгейдегі билік органдары, бизнес, БАҚ және жеке тұлға өкілдерінің өтініштері қабылданады. 5. үміткерлерді іріктеу механизмі 5.1. Сыйлықты ұйымдастыру және өткізу шараларына жауапты ретінде төмендегідей кеңестер құрылады:
5.2. Сыйлыққа үміткерлерді іріктеу қайырымдылық пен меценаттық аясындағы іс-әрекеттерінің әлеуметтік маңыздылығын анықтау принципіне негізделеді. Сыйлықтың Сарапшылық және Қоғамдық кеңестері қабылдаған шешімдер негізінде ана мен баланы қорғауға, мүгедектер мен ардагерлерге қамқорлық көрсетуге, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, рухани саланы дамытуға, экологияны жақсартуға бағытталған қайырымдылық іс-шараларды жүргізген азаматтар анықталады. 5.3. Іріктеу екі кезеңнен тұрады. Үміткерлердің арасынан номинациялар бойынша лауреаттар іріктелініп алынады. 5.4. Байқаудың барлық қатысушылары Сарапшылық және Қоғадық кеңестің шешімдеріне тәуелсіз түрде алғыс хаттармен марапатталады. 5.5. Алғашқы іріктеуді алынған өтініштер негізінде Сыйлықтың Ұйымдастырушы комитеті өткізеді. Тиісті түрде рәсімделген барлық өтініштер Сарапшылық кеңеске жіберіледі. 5.6. Алғашқы іріктеу қорытындыларын салыстырмалы талдау, ұсыныстар мен кеңестер, Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми құжаттарына, бұқаралық ақпараттар құралдарында шыққан мақалаларға жүргізілген талдаулар, әлеуметтік зерттеулер негізінде Сарапшылық кеңес рейтингілік дауыс беру арқылы номинанттарды анықтайды. Іріктеу қорытындылары Сыйлықтың Қоғамдық кеңесіне беріледі. 5.7. Марапаттау рәсіміне 10 күн қалғанда Қоғамдық кеңес лауреаттарды жасырын дауыс беру арқылы анықтайды. Марапаттау туралы шешім кандидаттарды жеке-жеке талқылағаннан кейін, көпшіліктің дауыс беру жолымен қабылданады. 5.8. Жеңімпаздарға қойылатын талаптар: Қайырымдылық пен әлеуметтік маңызы зор жобаларды дамытуға атсалысқан адамдар жеңімпаз атанады. Бағалау бастапқы және негізгі шарттар бойынша жүзеге асырылады. Бастапқы шарттар:
Негізгі шарттар:
Жеке тұлғаларға қойылатын қосымша шарттар:
Заңды тұлғаларға қойылатын қосымша шарттар:
Бұқаралық ақпарат құралдарына қойылатын қосымша шарттар:
6. жүлделер 6.1. Жеңімпаздар келесі номинациялар бойынша анықталады:
7. шешім қабылдау Қоғамдық кеңес – тұрғылықты жері мен азаматтығына қарамастан, қоғамдық, мемлекеттік, саяси қайраткерлер және ғылым мен мәдениет майталмандарынан, ұлттық және халықаралық қоғамдық және коммерциялық ұйымдар, сондай-ақ сыйлықтың негізгі демеушілері болып табылатын ұйымдардың өкілдерінен қалыптастырылады. Қоғамдық кеңес сарапшылық кеңес ұсынған үміткерлердің арасынан әр жүлде бойынша бір-бір жеңімпазды анықтайды. Қоғамдық кеңестің құрамына сарапшылық кеңеспен қатар ұйымдастырушы комитет мүшелері де ене алады. Шешім қоғамдық кеңес мүшелері дауыстарының басым бөлігімен қабылданады. Сарапшылық кеңестің құрамы әрқайсысы шешуші дауысқа ие 30 мүшеден тұрады. Сарапшылық кеңестің құрамына коммерциялық емес ұйымдардың, БАҚ-тың, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және коммерциялық ұйымдардың өклілдері енеді. Сарапшылық кеңес қоғамдық кеңеске дауыс беруге әр жүлде бойынша үш үміткерден ұсынады. Шешім сарапшылық кеңес мүшелерінің басым бөлігінің дауысымен қабылданады. Сарапшылық кеңестің төрағасы болып кеңестің бір мүшесі тағайындалады. 8. мерзімдер
9. Өтініштерді тапсыру реті Бесінші жыл сайынғы Қоғамдық Ұлттық «Алтын Жүрек» сыйлығының мәлімдеме үлгісін www.altynzhurek.kz,сайтынан, сонымен қатар Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript немесе Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript e-mail-нан алуға болады. Байқауға тапсырыс бір дана етіп поштамен 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы 53, Ж блогі, 48 кеңсе немесе 0500576 Алматы қаласы, Тимирязев көшесі, 71, 7 кеңсе мекен-жайына, сонымен қатар жоғарыда аталған электронды пошталарға жіберіледі. Конкурс жайлы ақпаратты мына байланыс телефондарынан алуға болады: 8(727) 262-16-11, 315-40-84 немесе 315-40-32. 10. жүлдеге қатысу үшін қажетті құжаттар Жеке тұлғалар үшін:
Заңды тұлғалар үшін:
БАҚ үшiн :
Скачать "Положение о премии" Скачать "Приложение 1" Скачать "Приложение 2" (на русском языке) Скачать "Положение о премии" Скачать "Приложение 1" Скачать "Приложение 2" (на казахском языке) 30 сентября 2011 года заканчивается прием заявок на участие в премии "Алтын Журек"; |























